Шымкентте зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер артады

0
676

Заң жобасына қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.


Шымкентте зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер артады

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты Шымкент қаласында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер артады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы брифинг барысында мәлімдеді

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 293 мыңнан астам азаматты құрайды.
2022 жылдың 1 тоқсанында азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 15269 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 267 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 1,8% құрады.
55 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданған.
2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызмет- 15269. Оның ішінде осы кезеңде ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 7696 құрады, бұл 50,4%, электронды үкімет портал және проактивті қызметтер арқылы 7555 іс 49,5% қаралған болса, қалған 18 қызмет түрі 0,1% МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы қызмет көрсетілген.
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 1 сәуірдегі республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақылар республикалық бюджет инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, қайта есептеледі.
- Айлық есептік көрсеткіш(АЕК) – 3 180 теңге; (01.01.2022 жылы 3063т.)
- Ең төменгі зейнетақы– 48 032 теңге;(01.01.2022 жылы 46 302 т.)
- Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – (ЕТКД) -21 191 теңге; (01.01.2022 жылы 19 450т.)
- Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері– 37 389 теңге;(01.01.2022 жылы 36 018 т.)
- Ең төменгі жалақы - 60 000теңге.(01.01.2022 жылдан өзгеріссіз).
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізу жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді қосымша индекстеу жөніндегі нормалар заң жобасына қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және төлемдер мөлшеріне 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылады.
Осылайша, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жоғары мөлшерде төлеу заң жобасына қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте сәуірден бастап заңға қол қойылған айға дейінгі өткен төлемдер қайта есептеледі, ал тиісті қосымша төлемдер кезекті зейнетақы немесе жәрдемақы төлеумен жүргізілетін болады.