Әзірге маршрут 4 кестемен 15 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді
Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №5 автобус маршруты бағытқа шықты.
Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Аталған маршрут Құрсай шағынауданынан Республика даңғылына дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әзірге маршрут 4 кестемен 15 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді және қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспарлануда.