Шымкентте жаңа пилоттық жоба іске қосылды (видео)

0
1 098

Пилоттық жобаның басты мақсаты – қылмыстық істердің азаюына үлес қосу.


Шымкентте жаңа пилоттық жоба іске қосылды (видео)

Шымкент қаласында «Қауіпсіз аула – тұрғындардың сенімділігі» атты пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жобаның мақсаты – қараусыз қалған аулаларды көркейту, қылмыстық істерді азайту, балалардың қауіпсіз, таза аулада өмір сүруі үшін тұрғындармен бірге жұмыс жасап, алдын алу.

Бұл жобаны Шымкент қаласының әкімдігі, Полиция департаменті және Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторинг топ басшысы ретінде Айгүл Орынбек бастады. Қайғылы оқиға орын алған "МЖК" мөлтекауданынан басталған пилоттық жоба 2 айға жалғасады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бұл эстафетаны Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына жолдады.