Шымкентте жаңа туған сәбиге күрделі операция жасалды

0
775

Ота 3 сағатқа созылған.


Шымкентте жаңа туған сәбиге күрделі операция жасалды

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мамандардың айтуынша, сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болған. Оны ақ халаттылар бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар операцияны бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасап, шақалақтың өміріне келген қауіптің алдын алды.

Ісікті алып тастау отасы 3 сағатқа созылған.

Айта кетейік, қалалық клиникалық балалар ауруханасында 5 төсек-орынға лайықталған нейрохирургиялық бөлімше биылғы ақпан айында ашылған болатын. Жыл басынан бері мұнда неврологиялық жүйесінің туа бітті ақауымен дүниеге келген 5 нәрестеге сәтті ота жасалып, барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған.