Жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде қалада 303 сәби өмірге келген.
Мереке күндері мегаполис тұрғындарының саны 69 адамға көбейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дүниеге келген сәбилердің 34-і ұл бала болса, 35-і қыз бала. Ал 2 қаңтар күні егіз қыздар дүние есігін ашты.
Жалпы жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде қалада 303 сәби өмірге келген. Сәбилердің 142-сі ұл бала, 161-і қыз бала.