Шымкентте жәрдемақы талап еткен аналардың әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

0
2 797

Көңілді уақыт өткізген аналардың жайылған мерекелік дастарханында алкогольді сусынның ыдысы да табылады.


Шымкентте жәрдемақы талап еткен аналардың әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

Желіде әлеуметтік жәрдемақы үшін жоспар құрған әйелдер тобын бейнелейтін ролик таралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ elitar.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Онда жағдайларының нашар әрі баспанасыз, балаларын асыра алмай жүргендіктерін айтып әкімшіліктен ақша талап еткен аналардың қалай көңіл көтеретіндіктері, өзіндік жоспарлары бейнеленіпті.

Аталған роликте берілген аудиожазбаларда көпбалалы аналардың бірі: "Бірақ реально 80 немесе 100 ана жиналуымыз керек",- десе, енді бірі "Кеше ойбай шығамыз-шығамыз деп бәрің лыпылдап жатыр едіңдер. Біреуің барған жоқсыңдар ғой. Отырып аласыңдар да, ой анау мынандай, анау мынандай дейсіңдер. Докажит ("доказать" - ред.) етіп, істеңдер соның бәрін. Өтірік емес, собесдегі Ғалымжаның да, Еркебұланың да, Дарханың да, 4 аудан әкімшілігінің адамдары, Абай ауданының әкімі, Еңбекші ауданының әкімі бәрі келді. Бүкілі жиналды сол жерге. Бәрі келді қасымызға, лыпылдап жүгіріп жүр. 21 мың теңге түсірмеген 2-3 қатын (сол күйінде берілді - ред.) бар еді, именно солардікін түсіріп беретін болып кетті Ғалымжанның өзі. Апарып собесге, алып келді солардың бәрін тексертіп. "Ладушкиге" алып барып, бүкіл дастарханды жайып жіберіп, қонақ қылып күтті бізді обедте", - деген.

Ал келесі аудиожазбада:

- "Қыздар, ертең әкімшіліктің адамдары "жүріңдер-жүріңдер, продукты, анау-мынау берем" деп алдап, әкетіп қалады. Айт бірінші, кім квартирада тұрады, квартираның ақшасын төлеп беріп отыратын болсаңыздар кетеміз деп. Ана группада сондай. Олардың жартысының квартирасының ақшасын әкімшілік төлеп жатыр",- делінген.

Ал шындығында солай ма?

Бұл инстаграм желісінде әжептеуір талқыға түсіп, ондағы қолданушылардың пікірін екіге жарыпты. Бір бөлігі мұны дұрыс деп санаса, басым көпшілігі аналардың әрекетін жөнсіз санаған.