Шымкентте жас келіншек сауда орталығында босанды

0
1 002

27 жастағы тұрғын дүниеге қыз бала әкелді.


Шымкентте жас келіншек сауда орталығында босанды

ERNUR.KZ. Толғағы қысқан 27 жастағы келіншек сауда орталығында қыз баланы дүниеге әкелді. Дәрігерлер келіншек пен оның жаңа туған нәрестесінің жағдайы жақсы, бақылауда екенін айтты, деп жазады Express Qazaqstan.

Келіншек ойын-сауық сауда орталығына келгенде толғағы бірден қысқан. Ондағы қызметкерлер дереу киім ауыстыру бөлмесіне жеткізіп, аман-есен босануына көмектескен. 27 жастағы тұрғын дүниеге қыз бала әкелді.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, жаңа туған сәбидің салмағы — 3200 грамм, бойы — 54 сантиметр.

Орталықта босанып қалған келіншек пен оның қызы жедел жәрдем арқылы жақын маңдағы перинаталды орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсы, алаңдауға негіз жоқ.