Сайыс соңында белсенді деп танылған жасөспірімдер алғыс хаттармен мараппатталып, сыйлықтар тарту етілді.
Шымкент қаласында жастар арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көмек оңалту» орталығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында «Болашаққа бағдар» атты интеллектуалдық, спорттық сайысы өткізілді.
Аталған сайыстың мақсаты – жастардың білімі мен біліктілігін, ұшқырлық, интеллектуалдық ойлау қабілетін дамыту және шапшаңдық пен сенімділікке баулу.
Сайыс соңында белсенді деп танылған жасөспірімдер алғыс хаттармен мараппатталып, сыйлықтар тарту етілді.