881 өтінімді өтінім беруші қайта қайтарып алған.
Шымкент қаласында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша өткізілген конкурсқа 5 387 өтінім түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Оның ішінде 881 өтінімді өтінім беруші қайта қайтарып алған.
Барлық өтінім жұмыс күндері қарауға алынады. Еске салсақ, «Жастар» бағдарламасы балдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Аталған конкурстың нәтижесі түскен өтінімдердің қаралу уақытына қарай ауқымдылығына байланысты анықталады.