Шымкентте жастарға қыш құмыра жасаудан шеберлік сабағы өткізілді

0
697

Іс-шара «Art GIay» қолөнер орталығымен бірлесе өткізілді.


Шымкентте жастарға қыш құмыра жасаудан шеберлік сабағы өткізілді

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастырумен «Art GIay» қолөнер орталығымен бірлесе отырып жастарға саз балшықтан қыш құмыра жасау жолдарын үйрету бойынша шеберлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шеберлік сабағының мақсаты– саз балшықтан бұйымдар жасаудың қыр-сырымен таныстырып, жастардың осы өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, қыш өнері, саз балшық мүсіндерін насихаттау.

Шара барысында, М. Әуезов атындағы оқу орыны студенттеріне қыштан жасалатын бұйымдар технологиялық қасиеттеріне байланысты негізгі шикізат болып табылатындығын, техникалық қыш жекелеген түрлерінің қасиеттері саздан және технологиялық әдістерін қолданып, оларға шикізатты өңдеу, қыш массаны дайындау, өнімді шығару, кептіру және күйдіру жұмыстары жүргізілетіндігі жайлы айтылды. Сонымен қатар, саз балшықтан әр түрлі қыш құмыралар жасауды үйренді.