Жастардың мәселесі, мәдениеті мен даму бағыттары ортаға салынды.
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жастармен "TED" форматтағы кездесу өтті.
Еркін форматтағы кездесуде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыптағы сұхбатының аясында қазақстандық жастардың мәселесі, мәдениеті мен даму бағыттары ортаға салынып талқыланды.