Шымкентте жедел жәрдеммен келген пациент дәрігерге жұдырық ала жүгірді

0
545

Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен.


Шымкентте жедел жәрдеммен келген пациент дәрігерге жұдырық ала жүгірді

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде жедел жәрдеммен келген емделуші азамат дәрігерлерге қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Шымкент қаласы денсаулық басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Ағымдағы жылдың 20-қыркүйек күні сағат 19:50-де Гипербариялық оксигенация орталығына 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген. Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен. Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты, тыныштандыру, ем шараларын жүргізу мақсатда жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен. Орын алған жағдай байланысты 102-қызметіне хабар берілді", - делінген хабарламада.