Шымкентте жоғалған әйел табылды

0
2 784

36 жастағы әйел жұмыстан соң үйіне оралмаған.


Шымкентте жоғалған әйел табылды

Полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматы қаласынан тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

36 жасар Айсұлу тұрмыста, 4 баласы бар. Ол Шымкент әуежайында жұмыс істейді. Ұшақ ішін тазалалап, асхана ісіне көмектеседі. 1 күн жұмыс істеп,2 күн демалады. 31 желтоқсан күні әріптестеріне кезегін өткізгенде "Маған күйеуім келеді,вечерге алып кетеді"деген екен. Ал жолдасы Жорабек оны үйде күткен. Алайда Айсұлу үйіне оралмайды.

Шымкенттік полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында, із-түссіз жоғалған келіншекті 2021 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласынан тапты.

Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төнбеген. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды.