Жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында жоғалып кеткен қыздың денесі туысының үйінің жертөлесінен табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.
8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады.
Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.
Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы « Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, делінген Шымкент қаласының Поция департаменті таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 5 тамыз Әл-Фараби АПБ-на жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған.