Шымкентте жол белгілеріне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді

0
314

Көлік қозғалысын реттеуде қазіргі уақытта қажет ететін немесе қажеттілігі жоқ жол белгілері туралы талқылау болды.


Шымкентте жол белгілеріне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында жол белгілеріне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - көлік қозғалысын жүйелендіре түсу және қоғамдық көліктер бойынша альтернативті маршруттарды ұйымдастыру.
Оған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары мен әкімшілік полиция өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары және қоғам белсенділері қатысты.

Көлік қозғалысын реттеуде қазіргі уақытта қажет ететін немесе қажеттілігі жоқ жол белгілері туралы талқылау болды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта қала тұрғындары үшін ыңғайлы жағдай қалыптастырады деген мақсатпен тиімді ұсыныстар әзірленбек.