Шымкентте жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды

0
1 102

Оның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.


Шымкентте жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды

иллюстрациялық фото

2021 жылғы 21 сәуір күні Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы көшелерінің бірінде жол жиегінде 39 жастағы әйел азаматшаның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тексеру барысында аталған азаматша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.


Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптамалар қорытындысы бойынша процестік шешім шығарылатын болады.