Шымкентте жолайрық құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

0
1 302

2021 жылдың 30 шілдесі сағат 23:00-ден 2021 жылдың 15 қыркүйекке дейін уақытша шектеледі.


Шымкентте жолайрық құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қаладағы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына байланысты баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысы Рысқұлов көшесінің жолайрық құрылысына байланысты көліктер қозғалысы үшін шектелетінінен хабардар етті.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде.
Басқарма басшысының айтуынша, жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған. Қонаев даңғылын көліктер қозғалысы үшін 2021 жылдың 15 қыркүйегіне ашу жоспарланған.
Жолайрықтың көпір өткелін, (көпір балкаларын орнату) жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен шектеу қажеттігі туындап отыр.
Нысанды айналып өту үшін көліктер қозғалысы уақытша Байтұрсынов, Байырқұм, Жандосов Дәулетұлы, Тұяқбаев, Береке, Жәнібеков, Дулати, Байзақұлы, Арғынбеков, Қазиев көшелерімен ұйымдастырылатын болады.
Дулати көшесінің Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылы аралығы көліктер қозғалысы үшін екі бағытта ұйымдастырылады.
Байтұрсынов көшесімен көліктер қоғалысы Рысқұлов көшесінен Арғынбеков көшесіне дейін бір бағытта ұйымдастырылады, тек қоғамдық көліктер екі бағытта қозғалатын болады.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін шектеу 2021 жылдың 30 шілдесі сағат 23:00-ден 2021 жылдың 15 қыркүйекке дейін шектеледі.
Рысқұлов – Қонаев көшелерінің жабылуы себебінен жалпы саны 14 автобус маршруты өзгертілуге жоспарланған.
Атап айтқанда: Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбеков – Рысқұлов бағытымен №19, №72, №158, №93.
Бәйдібек би – Дулати – Мәделі Қожа (кері жүргенде Байтұрсынов – Мәделі Қожа – Дулати – Қазыбек би – Рысқұлов – Бәйдібек би) бағытымен №45, №17, №135.
Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбеков – Байтұрсынов бағытымен №35.
Бәйдібек би – Арғынбеков – Байтұрсынов бағытымен №10, №27, №56.
Бәйдібек би – Арғынбеков – Өтегенов бағытымен №57.
Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбеков бағытымен №37 және Арғынбеков – Байтұрсынов бағытымен №21 бағыттар.