Шымкентте жолдағы балалардың қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтті

0
573


Шымкентте жолдағы балалардың қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтті

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімінің қызметкерлері №129 мектепте жол қозғалысы қауіпсіздігі акциясын өткізді. Іс-шара жаңа оқу жылының басталуына орайластырылды және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын еске салуға арналған.

Акция балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын және олардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігін болдырмау үшін өткізілді.

Әскери тәртіп сақшылары балаларға аула аумағының бөлігі ме, әлде үлкен жолдың маңайы болсын, кез-келген көшеде қауіп төніп тұрғанын, ондай жерлерде әрдайым мұқият болуы керектігі туралы ақпарат алды. Әскери полицейлер балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ жол қозғалысының негізгі ережелерін көрсетті.
Бөлім бастығының орынбасары – Шымкент гарнизонының әскери полиция қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы подполковник Ержан Агибаевтың айтуынша, оқу процесі әр баланың өміріндегі ең қызықты және жауапты кезең. Бұл уақыт ұмытылмас болу үшін жолда қауіпсіз жүрудің қарапайым ережелерін есте сақтау қажет.
- Бастауыш сынып оқушылары сауатты жаяу жүргінші болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Сонымен қатар, мектеп жолдың жанында орналасқан. Сондықтан бүгінгі іс-шара оқушылар үшін пайдалы болды деп санаймын. Менің ойымша іс–шара, ұмытылмас болып шықты, - деп атап өтті подполковник Ержан Ағыбаев.
Профилактикалық кездесуден кейін әскери полиция қызметкерлері ерлік сабағын өткізіп, ұлдар мен қыздарға өз қызметі туралы айтып берді.
Кездесуде қыздар үлкен белсенділік танытты, өйткені олар формадағы қызбен кездесті. Ол әкімшілік практика бөлімінің офицері аға лейтенант Ақереке Жакипова. Оқушылар негізінен қыздардың қызметке қалай кіретінін және жалпы әскери полиция қызметкерлерінің өмірі туралы сұрады.
Іс–шара соңында әскери қызметшілер балалармен біздің міндетіміз-еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұл жолда барлығымыз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек деген ойымен бөлісті.

дереккөз; Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі