Шымкентте жүкті әйел коронавирустан жазылып шықты

0
735

Айы-күні жақындаған әйелге дәрігерлер кесір тілігі арқылы ота жасап, дені сау баланы дүниеге алып келеді.


Шымкентте жүкті әйел коронавирустан жазылып шықты

4 қараша күніжұқпалы аурулар орталығына коронавирус инфекциясы табылған жүкті әйел жедел жәрдеммен жеткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айы-күні жақындаған әйелге дәрігерлер кесір тілігі арқылы ота жасап, дені сау баланы дүниеге алып келеді. Отадан соң науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл түрде ауыстырып, емдеу шараларын қарқынды жүргізген.

Бірер күннен соң реанимациядағы азаматшаның денсаулығы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Сегіз күн бойы науқасқа жұқпалы аурулар орталығының мамандары вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде жаңа босанған әйел коронавирус инфекциясынан толық айығып, ауруханадан шықты.

Дертінен сауығып шыққан азаматша ақ халаттыларға алғысын білдіреді.

- Менің жанымды аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Операция жеңіл әрі сәтті өтті. Ауруханадан шыққан соң, жаңадан туған қызыммен көрісетініме қуаныштымын, - дейді инфекциядан жазылып шыққан әйел.