Шымкентте жүкті әйелдерге арналған тренинг өтті

0
1 383

Шара барысында жас аналарға сәби күтімі жайлы тың ақпарттар айтылды.


Шымкентте жүкті әйелдерге арналған тренинг өтті

Шымкент қаласында жүкті әйелдерге арналған арнайы тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шарада аяғы ауыр нәзік жандыларға босанғанға дейінгі күтім жайлы әдістер үйретілді. Аталған тренингтің өтуіне «Мама подиум» балаларға арналған киімдер дүкені ұйытқы болды. Жиын соңында тренингке қатысқандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Сәби сүйіп ана атану жауапты іс. Шара барысында жас аналарға сәби күтімі жайлы тың ақпарттар айтылды. Тренинг соңында қаладағы танымал дәрігерлер жүкті әйелдерге босанудың оңай жолдарын үйретті. Яғни ақ халаттылар аяғы ауыр әйелдерге арнайы жаттығулар көрсетіп, және дұрыс тыныс алудың маңызды екендігін ескертті.