​Шымкентте жыл басынан бері 16 мыңға жуық бала дүниге келді

0
608

Оның ішінде егіздер - 194, үшемдер - 1.


​Шымкентте жыл басынан бері 16 мыңға жуық бала дүниге келді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында 15 325 бала дүниге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков брифинг барысында мәлімдеді.

2022 жылдың бірінші жарты жылдығында 15 325 бала дүниге келді. Оның ішінде егіздер - 194, үшемдер - 1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%). Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% - ға дейін жақсартылды. Заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері Қалалық клиникалық балалар ауруханасында 76 нейрохирургиялық ота жасалынды, - деді спикер.

Сонымен қатар, материалдық жабдықтармен қамтамасыз ету 77%-ды құрайды. 2022 жылы басқарма тарапынан диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін медициналық жабдық сатып алынды. Амбулаториялық деңгейде 44 медициналық ұйымы (11 мемлекеттік 33 жеке меншік) 2022 жылға 9,4 миллиард теңге сомасына дәрілік заттар сатып алуға өтінімдер ұсынып, оның ішінде 6,3 миллиард теңгеге дәрілік заттар жеткізілді.

Айта кетейік, медицина саласында оң өзгерістер көп. Қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылды. Биыл 1 сәуірден бастап аталған аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде.