​Шымкентте жыл басынан бері 398 электронды қылмыстық іс тіркелген

0
1 209

Шымкент қаласында 175-і қылмыстық теріс қылықтар, 147-і онша ауыр емес қылмыстар, 74-і ауырлығы орта қылмыс және 2-і ауыр қылмыс орын алған. Оның 63-і сотқа жолданған.


​Шымкентте жыл басынан бері 398 электронды қылмыстық іс тіркелген

Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балаим Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурорлар құқық қорғау органдарының алдына қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындаудағы атқарылып жатқан жұмыстарын айтты. Депутат прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғау саласындағы атқарылған оңды жұмыстарды айтып, «Құқық қорғау қызметтер орталығының» жұмысын ерекше бағалады. Жиынға қатысушылардың пікірінше, ҚҚҚО-ы Елбасының халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, жұмысты сервистік модельге көшіру қажет деген бастамасына айғақ ретінде атады.
Одан бөлек цифрландыру мәселесі жеке талқыланды. Жиналысқа қатысушылар бірауыздан, қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматқа ауыстыру әділеттілікке және үдерістердің ашықтығына тез қол жеткізуге мүмкіндік беретініне күмән келтірмеді. Қала прокурорының айтуынша жыл басынан Шымкент қаласына қарасты төрт аудан прокуратурасымен 398 электронды қылмыстық іс тіркеліп, (175-і қылмыстық теріс қылықтар, 147-і онша ауыр емес қылмыстар, 74-і ауырлығы орта қылмыс және 2-і ауыр қылмыс) оның 63-і сотқа жолданған.