Шымкентте жыл басынан бері инватакси қызметіне 500-ден астам өтінім түскен

0
518

Инватакси қызметіне жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ пен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар азаматтар жүгіне алады.


Шымкентте жыл басынан бері инватакси қызметіне 500-ден астам өтінім түскен

Шымкент қаласында жыл басынан бері инватакси қызметіне 500-ден астам азаматтан өтінім түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік такси мен инватакси қызмет көрсетеді.
Шымкент қаласы бойынша бекітілген 18 инватакси мүмкіндігі шектеулі жандарды қала ішіндегі қалаған мекенжайына тегін апарады. Инватакси қызметіне жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ пен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар азаматтар жүгіне алады.
Бекітілген автокөліктер жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған.
Мен 2-ші топ мүгедегімін, Инватаксидің көмегімен күнде жұмысқа барамын. Мемлекеттен беріліп жатқан инватакси – қолайлы, қолжетімді. Тек өтінішті 1 күн бұрын қалдыру керек. Өтініш қабылданған соң қалаған жеріңе тегін баруға болады. Осы секілді көмек түрлерін алып жатқанымызға алғысымыз шексіз, – дейді қала тұрғыны Мейіржан Құттықбай.
Айта кетейік, инватакси қызметіне жыл басынан бері 500-ден астам азаматтан өтінім қабылданған. Күніне 200-ге жуық өтініш түседі.