Шымкентте жыл соңына дейін 2 мыңнан астам пәтердің құрылысы жүргізіледі

0
520

2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті.


Шымкентте жыл соңына дейін 2 мыңнан астам пәтердің құрылысы жүргізіледі

Шымкент қаласында жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысы жүргізілу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының дерегінше, өткен жылы 976 отбасын арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша 812 жанұя арендалық пәтермен қамтылған. Оның ішінде жетім балалар – 60, көпбалалы отбасылар – 240, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 212, жұмыс істейтін жастар – 300. Қалған 164 пәтердің 121-і биыл қаңтар айында берілді. 43-і тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылып, осы айда кезекте тұрған азаматтар баспанамен қамтылатын болады. Жалпы биыл 1605 үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі деп жоспарлануда. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 54, көпбалалы отбасыларға - 476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына - 218, жұмыс істейтін жастарға – 857 пәтер беріледі. Биыл қалада «Жайлы тұрғын үй» шеңберінде кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі қарастырылуда. Атаулы көмек қағидатына сәйкес, жалға алынған үйдің 50% - мемлекет, қалған 50% - ын жалға алушы өз бетінше төлейді. Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау 8841 азаматқа қаралуда. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы өкілдерінің айтуынша, 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 329 отбасы, несие негізінде тұрғын жаймен қамтылған. Оның ішінде 149 отбасыға жергілікті бюджет есебінен алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуғақайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаттары берілген. Ал, «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша 1 460 отбасы баспанамен қамтылып, 267 отбасы тұрғын үй сертификаттарына ие болды. 2021 жылы кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен бөлінген 370 миллион теңгеге 416 тұрғын үй сертификаттары өтеусіз көмек ретінде берілді. Ал, 2022 жылға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қаралған.