Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр

0
1 070

Мамыр айының басынан бастап жыланға байланысты 6 оқиға тіркелді.


Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр

Ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап Шымкент қаласының аумағында жыланға байланысты 6 оқиға тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Азат мөлтек ауданы, Ынтымақ 1 «А» үйдің ішінде, Лихачева өткелі 1/21 үйдің ауласында, Алимбетов көшесі 24 үй, «Карина» балабақшасының ауласында, Тассай шағын ауданы және Мунайтпасов көшесіндегі үйдің ауласында, Нұртас шағын ауданы 190 орам, 13 учаскедегі үйдің ауласында, Еламан шағын ауданы Көкжелік көшесі 10/46 учаскедегі үйдің ауласында жылан жүргені туралы хабар түскен.

“Құтқарушылар мекенжайлар бойынша келіп, жыландарды арнайы құралды қолданып ұстап , кауіпсіз жерге шығарып тастады”, - делінген баспасөз хабарламасында.