Шымкентте жылу жүйесінің 61 пайызының тозығы жеткен

0
1 549

Бүгінде "Қуатжылуорталық - 3" МКМ-де 3 қазандық, 15 сору станциялары 3 бойлерлер бар. Өткен жылы мекемедегі жұмысшылардың орташа жалақы мөлшері 80 мыңнан асқан. Жыл басынан бері "Қуатжылуорталық-3" мекемесі жылу бағасын тұрғындарға 19, заңды тұлғаларға 10 пайызға төмендеткен. Соңғы 9 жылда магистральді және ішкі орамды жылу жүйесінің 152,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, былтыр қаланың ішкіорамдық жылу жүйесінің 33,8 шақырымы апаттық-ағымдағы жөндеуден өтті.


Шымкентте жылу жүйесінің 61 пайызының тозығы жеткен

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарасты "Қуатжылуорталық - 3" МКМ-нің басшылығы 2018 жылы атқарған жұмысы бойынша көпшілік алдында есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2006 жылы қала әкімінің №40 қаулысымен құрылған мекемеде бүгінде 3 қазандық, 15 сору станциялары 3 бойлерлер бар. Өткен жылы мекемедегі жұмысшылардың орташа жалақы мөлшері 80 мыңнан асқан. Жыл басынан бері "Қуатжылуорталық-3" мекемесі жылу бағасын тұрғындарға 19, заңды тұлғаларға 10 пайызға төмендеткен. Соңғы 9 жылда магистральді және ішкіорамды жылу жүйесінің 152,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, былтыр қаланың ішкіорамдық жылу жүйесінің 33,8 шақырымы апаттық-ағымдағы жөндеуден өтті.


Бұл жөнінде жиын барысында Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарасты "Қуатжылуорталық - 3" МКМ-сі директорының орынбасары Абылай Балықбаев мәлімдеді.

"Қаладағы жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 392,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде магистральды жылу жүйесі 64,3 шақырым, ішкі орамдық жылу жүйелері 328 шақырым. Бүгінге жылу жүйесінің 61 пайызы (240,3 шақырым) 100% тозығы жеткен. Салдарынан нормативті ысыраптар (құбырлардағы жылуды жоғалту) шығыны көбейіп отыр"- дейді ол.

Сонымен қатар, тұрғындардың көп қабатты үйлерге заңсыз автономды жылу қазандығын орнатулары салдарынан сату көлемі азайған. Қалада бірыңғай автоматты диспетчерлік пункт болмағандықтан ақаулар мен апаттардың нақты санын анықтай алмауы және ол ақауларды тез арада қалпына келтіре алмауы бүгінде мәселе туғызып отыр. Шымкенттіктердің өз меншігіндегі жылу жүйелеріне салғырт қарағанынан, жылу жүйелері тозығы жеткен көп қабатты үйлердің саны артқан екен. Сондай-ақ, қала тұрғындарының қолданған жылуына уақытылы ақша төлемеуі де өзекті мәселеге айналған.


.