Шымкенттегі 4 көлік жуу орнына карантин режимін бұзғаны үшін хаттама толтырылды

0
942

Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істеуі шарт.


Шымкенттегі 4 көлік жуу орнына карантин режимін бұзғаны үшін хаттама толтырылды

Шымкенттегі 4 көлік жуу орнына карантин режимін бұзғаны үшін хаттама толтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карантин уақытында дүкендер мен кафе, мейрамханалардың түнгі мезгілде уақытылы жабылуын қадағалау бойынша Абай ауданы аумағында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Олар Рысқұлов, Ерімбетов, Бәйтереков көшесіндегі қоғамдық тамақтану орындарының уақтылы жабылуын қадағалады.

Нәтижесінде бірнеше дәмханаға ескерту беріліп, М.Х. Дулати көшесіндегі 4 көлік жуу орнына қатысты хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істеуі шарт. Келушілердің жалпы саны 50 адамнан аспауы тиіс және оларды отырғызу талаптары қатаң сақталуы керек.