Шымкенттегі атыс: Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады

0
1 437

Оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.


Шымкенттегі атыс: Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы ПД-нің 102 пультіне Арғынбеков көшесіндегі кафелердің біріне белгісіз тұлғалар кіріп, бірнеше рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмахамбетов ресми мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, оқиға орнында бір адам көз жұмған және әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам медициналық мекемелерге жеткізілген.

«Оқиға болған жерді тексеру барысында қылмыс құралдары табылып, тәркіленді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағы және 287 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау шаралары жүріп жатыр», - деді Е.Жұмахамбетов өз сөзінде.

Сонымен қатар, кейбір ақпарат көздерінде жалған ақпарат тарап жатқанына көңілі толмаған Шымкент полициясының бастығы істі тергеу барысы прокуратура мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін және өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент қаласы «Самал-2» шағынауданындағы дәмханалардың бірінде атыс орын алғаны туралы хабарлаған едік.