"Шымкенттегі дендросаябақтың жерлері жеке адамдарға беріліп жатыр" - әкімдік жауап берді

0
656

2021 жылы саябақ аумағында веложолақ салынған кезде қала әкімінің қаулысымен Шымкент қаласы құрылыс басқармасының қарауына уақытша берілген.


Әлеуметтік желіде Шымкенттегі дендросаябақтың жерлерін элиталы тұрғын үй салу үшін жеке адамдарға беріліп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған оқиғаға қатысты қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеме жасады.

"Дендросаябақ аумағынан жеке тұлғаларға құрылыс жүргізу үшін бір тұтам да жер берілген жоқ. Бұған тиісті мемлекеттік құрылымдарға жүгіне отырып көз жеткізуге әбден болады. Әлеуметтік желілерде таралған Шымкент дендросаябағы аумағының қысқаруы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген баспасөз хабарламасында.

А.Асқаров атындағы дендросаябақ директорының орынбасары Н.Сахановтың мәліметі бойынша, дендросаябақ бүгінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып есептеледі және қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының ведомствалық бағынысында. Оның аумағы 117,0400 гектарды құрайды.
2021 жылы саябақ аумағында веложолақ салынған кезде қала әкімінің қаулысымен Шымкент қаласы құрылыс басқармасының қарауына уақытша берілген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 2022 жылдың сәуір айында қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының басқаруына қайта өткізілді.
Ал, дендросаябақтың аумағына қатысты тоқталар болсақ, ол 2019 жылы да, 2020 жылы да, 2021 жылы да 117 гектар болған. 2022 жылы да сол қалпында өзгеріссіз қалып отыр.