Шымкенттегі Қошқар каналында балықтар қырылып жатыр

0
2 447

Бүгінде Қошқар ата каналында балықтардың бірнеше түрі бар. Олар: торта, сирек кездесетін тұқы және ең бағалы көкбасы және бақтақ. Дәл қазіргі уақытта уылдырық шашу кезеңі екенін ескерсек, табиғатқа орасан зиян келіп жатыр.


Шымкенттегі Қошқар каналында балықтар қырылып жатыр

ERNUR.KZ Шымкент қаласындағы ел аузында Қатын көпір аталып кеткен шағынаудан тұрғындары жағымсыз көріністің куәсі болған. Қошкар ата каналында өлі балықтар су бетінде қалқып жүрді, деп жазады Otyrar.kz.


«Мен мұнда 50 жылдан астам уақыт мекен етіп келемін. Бірақ бұрын ешқашан мұндай жағдай болған емес. Біз осы өзеннен су ішкен едік, шомылатынбыз, бірақ қазір не болғанын түсінбеймін! Таң қалып отырмын»- дейді қала тұрғыны Асатулло Ибрагимов.

Бүгінде Қошқар ата каналында балықтардың бірнеше түрі кездеседі: торта, сирек кездесетін тұқы және ең бағалы көкбасы және бақтақ бар. Дәл қазіргі уақытта уылдырық шашу кезеңі екенін ескерсек, табиғатқа қанша зиян келгенін есептеу қиын емес.

«Өлі балықтардың санын қараңыз. Біреу химиялық заттың бірін құйған шығар. Қандай үлкен балық! Енді ол қазір уылдырық шашатын кезеңі. Біз бұл өзеннің суымен бақшамызды суғарамыз»- деді қала тұрғыны Гафуржан Фарманов.

Бұл мәселе бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігінің қадағалауында. Жергілікті сала мамандары қазір тиісті шараларға кіріскен.

«Ақпарат түскен бойда өзендегі су мен балықтың сынамасын алдық Зертханада тексерілуде. Бес күннен кейін қорытындысы белгілі болады»- дейді Абай ауданы бойынша қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының басшысыӘбдуғапар Шажаев.

Қошқара каналындағы жағдай шымкентіктерді алаңдатып отыр. Тез арада нақты шара көрілмесе Шымқаланың мақтанышына айналған өзенде тіршілік тоқтап қала ма деп қауіптенеді.