Шымкенттегі құс фабрикасы жылына 2000 тонна бройлер етін өндіреді

0
3 122

«Шымкент құс» фабрикасында 300-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


Шымкенттегі құс фабрикасы жылына 2000 тонна бройлер етін өндіреді

Ерлан Айтаханов жарты ғасырдан астам уақыт Оңтүстік халқын сапалы жұмыртқалармен қамтамасыз етіп келе жатқан «Шымкент құс» фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, бұл кәсіпорын Шымкент қаласындағы бройлерлік бағыттағы бірден-бір құс фабрикасы. Сағатына екі мың бас, жылына 2000 тонна бройлер етін шығаратын цех Ресейдің озық технологиясымен жабдықталған.


Бүгінде «Шымкент құс» фабрикасында 563 мың бас құс өсірілсе, жылына 100 млн. дана жұмыртқа өндіріледі. Сонымен қатар, жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін фабрикада жалпы 300-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанда құс етіне деген сұраныстың артып отырғанына тоқталған қала басшысы Қазақстан нарығындағы құс өнімдерінің жартысы сырттан жеткізілетінін, сондықтан, импортқа тәуелділікті барынша қысқартып, отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру керектігін айтты.