Жоспарғай сәйкес нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында аяқталмақ.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсәт ықшамауданында салынып жатқан оқушылар сарайының құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нысанның құрылысы былтыр басталған, бүгінгі күнге дейін 70%-ы орындалды.
Жобаны салудағы мақсат - оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту. Экологиялық таза және қауіпсіз құрылыс материалдарын пайдалана отырып, соңғы сәулет және интерьер тенденцияларын ескере отырып, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту. Жалпы білім беру мекемесінің кеңістігін қалыптастыруда шығармашылық көзқарасты жүзеге асыру.
Жоспарғай сәйкес нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында аяқталмақ.
Қосымша 81 көлікке арналған көлік тұрағы мен 35 адамдық асханасы да бар.
Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс жұмыстарын шолып шығып, тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына нысанның мерзімінен кешіктірілмей сапалы орындалуын тапсырды.