Шымкенттегі жаңа әуежай құрылысы 2021 жылдың көктемінде аяқталады

0
1 319

Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.


Шымкенттегі жаңа  әуежай құрылысы 2021 жылдың көктемінде аяқталады

Шымкенттегі жаңа әуежай құрылысы 2021 жылдың көктемінде аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.

- Шымкент – республикалық маңызы бар қала. Ондағы халықтың саны жыл санап артып келеді. Ал біздің қазіргі әуежай тиісті талаптарға сай емес. 2019 жылы инвестордың, яғни SCAT әуе компаниясының көмегімен жалпы аумағы 35 мың шаршы метр болатын үлкен әуежайы салынып жатыр, - деді Мұрат Әйтенов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Әкімнің айтуынша пандемияның салдарынан құрылыс жұмыстары жоспардан қалып қалған.

- Біз биылдың өзінде құрылыс жұмыстарын аяқтар едік. Бірақ өкінішке қарай пандемияның салдарынан шетелден келуі тиіс көптеген құрал уақытында келмей қалды. Наурыз мейрамына дейін аяқтаймыз деген жоспар бар. Бәрі жақсы болса наурыз айында іске қосамыз, - деді әкім.

Мұрат Әйтенов бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы екенін, әкімдік тек жер бөлгенін жеткізді.