Шымкенттегі жаңа әуежай терминалы құрылысының бірінші кезеңі толық аяқталды

0
972

Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Шымкенттегі жаңа әуежай терминалы құрылысының бірінші кезеңі толық аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды.

Атап айтқанда, терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.
Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қала әкімі терминал құрылысының жұмысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады деп болжанып отыр.

Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған.

Ескі әуежаймен ара-қашықтығы 250 метрді құрайтын жаңа автотұрақ көлік қозғалысын реттеуге үлкен мүмкіншілік береді. Ендігі жерде, ескі автотұрақ тек қоғамдық көліктерге, тіркелген такси құралдарына және әуежай қызметкерлеріне қызмет ететін болады.

Жаңа автотұраққа қозғалыс, Бақбаев көшесінен жаңа автомобиль жолына түсу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Шымкент қаласындағы әуежайдың да мультимодальды орталық болуы тиіс екенін айтып өткен болатын.

"Халықаралық дәліздермен тиімді байланыс орнату үшін логистика қызметін толық ұсыну маңызды. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары мультимодальды орталық болуға тиіс.

Бұл орталықтар бәсекеге қабілетті болу үшін жүктерді қабылдау және тарату қызметі сапалы атқарылуы керек. Жалпы, саланы дамыту үшін тариф және реттеу саясаты дұрыс жүргізілуге тиіс. Жеке инвестицияны көптеп тарту керек», - деді Президент.