Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанындағы жеке дәріхана ғимаратында болған жарылыстан үш адам қайтыс болды, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші Б., 1980 жылы туған жұмысшы Ш. және 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды», - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство мәлім еткендей, тағы 8 адам зардап шекті. Олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Зардап шеккендерге А. Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері кеңес беріп жатыр. Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылған.