200 бірлік техника және 286 адам жіберілді.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны оқиғаларының салдарын жою үшін Шымкент қаласынан төрт теміржол эшелонымен инженерлік, жүк тиеуге арналған және басқада техникалар жөнелтілді.
Жалпы 200 бірлік техника және 286 адам жіберілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік құтқарушылар Атырау облысына көмекке аттанған болатын.
2024 жылғы 11 сәуірде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Атырау облысына апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке жөнелтілді.
Көмекке барлығы 45 адам, 5 техника, 15 мотопомпа және 2 қайық жіберілді.
Бүгінгі таңда, Атырау облысына көмекке жіберілген шымкенттік құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарға белсенді түрде кірісті. Қазіргі таңда Алмалы елді мекенінде инертті материалдармен бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде.