Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашады.
Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) «Boeing 737-800» және «Boeing MAX 8» типті әуекемелерінде орындалады.
Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Ішкі бағыттар: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Петропавл
Халықаралық бағыттар: Стамбул, Мәскеу, Анталья, Дубай, Доха, Жидда, Шарм-эль-Шейх, Пхукет, Медина, Фукуок
Жаңа бағыттардың ашылуы Шымкент тұрғындарына әлемнің әр түкпіріне саяхаттау мүмкіндігін кеңейтіп, қаламыздың халықаралық көлік торабындағы маңыздылығын арттыруда.