Шымкенттік әкім әр тұрғынның мәселесімен арнайы танысты

0
857

Өтініш білдірген әрбір тұрғынмен арнайы жолықты.


Шымкенттік әкім әр тұрғынның мәселесімен арнайы танысты

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы тұрғындардың мәселесін шешу жолдары қарастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап өтсек, 2019 жылдың 21 қарашасында Қазақстан бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтіп, осы бастама аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов тұрғындар арасында жеке қабылдау жүргізген. Нәтижесінде тұрғындардан түрлі мәселелер бойынша өтініштер қабылданған.

Осыған орай, аудан әкімі Ғабит Патшаханұлының бастамасымен тиісті басқарма өкілдерін қатыстыра отырып, өтініш білдірген әрбір тұрғынмен арнайы жолығып, мәселелердің оңды шешілу жолдары қарастырылды.