Шымкенттік әкім «Құрбан айт» мерекесіне дайындықты пысықтады

0
1 416

Қала бойынша арнайы 6 мал сою бекеттерінің жұмыс жасайтынын қала тұрғындары назарына ұсынды.


Шымкенттік әкім «Құрбан айт» мерекесіне дайындықты пысықтады

иллюстрациялық фото: islam.kz

ERNUR.KZ. Шымкенттік әкім «Құрбан айт» мерекесіне дайындықты пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов келе жатқан «Құрбан айт» мерекесін тойлау бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Жиналысқа аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан ақсақалдары, Абдул Қамит Хаттани мешітінің бас имамы және қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының жауапты мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша орталық мешіттің бас имамы «Құрбан айт» мерекесінің шығу тарихы, тойлаудың тәртібі, құрбандыққа малды шалудың шарттары мен оны таратудың ислами шарттары бойынша өз ойын ортаға салды.

Сонымен қатар, қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары айт кезінде құрбандыққа кез-келген жерге малды союға болмайтынын және қала бойынша арнайы 6 мал сою бекеттерінің жұмыс жасайтынын қала тұрғындары назарына ұсынды.

Аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы өз сөзінде аудан тұрғындарын келе жатқан «Құрбан айт» мерекесімен құттықтап, аудан аумағында айт мерекесі кең көлемде тойланатынын айтып, аудан әкімі аппаратының назарында болатынын жеткізді.