Жиын барысында тұрғындарға бағдарламаның мүмкіндіктері, мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын насихаттау бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Р.Аюпов және Қаратау ауданының әкімі И.Қантөреев "Сайрам" тұрғын алабы тұрғындарымен жиын өткізді. Жиын барысында тұрғындарға бағдарламаның мүмкіндіктері, мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.
«Бүгінгі таңда "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына басты көңіл бөлінуде және қалада аталған 4 бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Рашид Аюпов.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға басшылар нақты жауаптар беріп, түсіндірме жұмыстарын жасады. Ал, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі сауалдарға түзілген хаттамаға сәйкес шаралар қолданылатын болып шешілді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Исамидин Мұхитдинұлы тұрғын алап төбе билерімен елді мекеннің өзекті мәселелері бойынша талқылау жұмыстарын жасады.
Жиын соңында аудан әкімі қатысушыларға алғысын білдіріп, тұрғындарды ауданның әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.