Шымкенттік балуандар күрестен ел біріншілігінде жүлдегер атанды

0
1 101

Балуандар бір апта бойы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен бақ сынайды.


 Шымкенттік балуандар күрестен ел біріншілігінде жүлдегер атанды

Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде 19 қарашада күрестен Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Балуандар бір апта бойы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен бақ сынайды. Еліміздегі пандемияға байланысты турнир көрерменсіз өтуде.

Бүгінге дейін Шымкент құрама командасы төмендегідей нәтиже көрсетті: Ерлер арасындағы еркін күрестен Сейтжан Нұржан 2-орынды, Төлепбай Ғабит 3-ші орынды иеленді. Ал әйелдер күресінен Аяжан Маркашева (50 кг), Аружан Асылбек (65 кг) күміс медалға қол жеткізсе, Алтынай Сатылған (57 кг), Әсия Әлібек (65 кг), Гүлшахарат Таласова (59 кг) қола медалға ие болды.

Қазіргі ахуалға байланысты Қазақстан чемпионатының ашылу және жабылу салтанаты өткізілмейді. Жарыс 26 қарашада аяқталады.
Айта кетейік, Qazsport телеарнасы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының соңғы екі жарыс күнін 25-26 қараша күндері көрсетуді жоспарлап отыр.