Шымкенттік бизнесмен серіктесін сотқа берді

0
1 208

62 млн теңгеден астам қарыз үшін арызданған.


Шымкенттік бизнесмен серіктесін сотқа берді

Шымкент қаласында бизнес серіктестер арасында дау туындап сотқа дейін жеткен. Арызданушы тарап 62 млн теңгеден астам қарыз ақшасын даулаған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бір ЖШС-нің екінші ЖШС-нен 62 503 920 теңге қарыз сомасын, 2 281 990 теңге тұрақсыздық айыбын және 4 862 389 теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Бұрын екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында тауарды жеткізу туралы шарт жасалған. Алайда, шарт талаптарын дер кезінде орындамаған серіктестіктің бірі екіншісінен қомақты қаржы қарызын өндіру туралы сотқа талап арыз берген.

Істі қарау барысында судья тараптарға дауды татуластыру рәсімдерімен шешуге құқықтары бар екендігін және оның артықшылықтарын түсіндірген. Тараптар өз кезегінде келісімге келуге бел буып, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге қол қойған.

"Нәтижесінде, сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиация келісімі бекітіліп, сол бойынша жауапкер талап қоюшының пайдасына 62 503 920 теңге қарыз сомасын келісілген кестеге сәйкес төлеуге міндеттеп, жауапкерді тұрақсыздық сомасын төлеуден босатқан. Сонымен қатар, медиативтік келісім жасаудың нәтижесінде, бюджетке төленген 4 862 389 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды,"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.