Шымкенттік дәрігер 6000-ға жуық азаматқа ота жасаған

0
660

Медицина саласында 33 жылдан бері хирург болып қызмет істеп келеді.


Шымкенттік дәрігер 6000-ға жуық азаматқа ота жасаған

Шымкенттік дәрігер Талғат Шауенов 6000-ға жуық азаматқа ота жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Талғат Шауенов - №1 қалалық клиникалық ауруханада 33 жылдан бері хирург болып қызмет істеп келеді. Кәсіби маман жетекші хирург болғандықтан негізі шұғыл жағдайда түскен ауыр науқастарға медициналық көмек көрсетеді . Ол осы күнге дейін 6000-ға жуық азаматқа ота жасаған.
Білікті маман - хирургиялық оталарды өте жетік меңгерген. Бірде алтын қолды дәрігер өтінде тасы бар, бірақ толғағы қысқан жүкті әйелге дер кезінде ота жасап, нәтижесінде өттегі тасты да алып тастап, сәби мен анасын аман алып қалған. Ота жасалған жүкті келіншектің ішінен 50 тас шыққан.
-Медицина - жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың бірі. Сондықтан, бұл сала біліктілікті және аса шымдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар, дәрігердің жұмыс барысында ешқаша қателесуіне болмайды. Ол үшін дәрігер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болуы керек. Өз саласы бойынша ем жүргізудің барлық тәсілдерін өте жетік меңгеруі тиіс, -дейді алтын қолды абзал жан.
Талғат Шауенов медицина саласында сіңірген еңбегі үшін бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің марапаттарына ие болып, Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатын алған.