Шымкенттік дәрігер жылына 200-ден аса күрделі оталар жасайды

0
554

Дәрігер Корея Республикасында онкология және гинекологиядағы лапороскопиялық және эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілігін арттырған.


Шымкенттік дәрігер жылына 200-ден аса күрделі оталар жасайды

Шымкенттік онкогинеколог дәрігер жылына 200-ден аса күрделі оталар жасайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағдат Орманов – қатерлі дертке шалдыққан науқастарды емдейтін білікті дәрігер. Медицина маманы жиырма жылдан бері денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп келеді.
Б. Орманов қазір қалалық онкологиялық орталықта онкогинеколог дәрігері болып жұмыс істейді. Жатырдың қатерлі ісігі, гинекологиялық ауруға шалдыққан науқастардың өмірін аман алып қалу үшін дәрігер жылына 200-ден аса күрделі оталар жасайды.
Бағдат Намазбайұлы жоғары технологияларды қолдана отырып, ота жасауды толық меңгерген білікті маман. Дәрігер Корея Республикасында онкология және гинекологиядағы лапороскопиялық және эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілігін арттырған.