Жоғары технологиялық операцияның тиімділігі зор.
Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Санкт-Петербург қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының профессоры, РҒА академигі Е.В.Лещенконың қатысуымен бронхопластикалық операциясы бойынша шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күрделі операциялар бұған дейін шет мемлекеттерде жасалып келген еді. Шеберлік сабағында озық технологияларды пайдалана отырып үш науқасқа жасалынған ота сәтті шықты.
Бүгінде орталық мамандары онкологиялық дертпен күресте, заманауи талапқа сай хирургиялық көмектерді көрсетуде әлемдік деңгейдегі тәжірибелі дәрігерлермен әріптестік байланысты нығайтқан.