Төрт жақты меморандумға қол қойылады.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 8 сәуір күні №1 қалалық клиникалық аурухана базасында «Эндопротездеу және остеосинтездің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шара аясында Германия, Ресейден келген дәрігерлер мен №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады.
Ынтымақтастық туралы келісім аясында жергілікті дәрігерлер шет елдік мамандармен бірігіп күрделі оталар жасайтын болады. Сондай-ақ аталған мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарлануда.
"Мұндай шетелдік тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сонымен бірге Шымкентте медициналық туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді", деді №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері А.Домбай.