Шымкенттік еріктілерге 1635 стипендия тағайындалды

0
1 591

Ерікті студенттерге жеңілдік: олардың академиялық сағаттары 2 немесе 5 сағатқа қысқарады.


Шымкенттік еріктілерге 1635 стипендия тағайындалды

Еріктілер жылына орай Шымкент қаласындағы оқу орындарында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында 1635 орын бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш жоба Білім және ғылым министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында жасалған ынтамақтастық меморандум аясында жүзеге асырылады.

Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне 20 сағат қызметі үшін 20 мың теңгеге, 50 сағат қызметі үшін 50 мың теңгеге дейінгі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылып отыр. Яғни, еріктілердің жұмыс істеген әрбір сағатына мың теңеден төленеді. Волонтерлар 20 сағат немесе 50 сағат жұмыс істейтіндіктерін өздері таңдайды. Сондай-ақ, ерікті студенттердің 2 немес 5 академиялық сабағы автоматты түрде қысқартылады. Ал олардың басты миссиясы баяғыша, сабақтан тыс уақытта балалар мен қарттар үйлеріне, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелере көмек көрсетеді.


Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жани Қамбардың айтуынша, бір реттік қаржылай сыйақы алатын волентерлар бірыңғай платформаға тіркеліп, өзі жайлы анкета толтырады. Ерікті боламын деушілер, әуелі, Qazvolunteer.kz сайтына тіркелуі керек. Онда қазір барлығы 57 ұйым тіркеліпті. Еректілер мұндағы қалаған ұйымға барып кредиттік сағаттарын өтей алады. Бүгінде аталған платформаға Шымкент қаласынан 700-ге жуық жас тіркеліп үлгерген екен. Ең қызығы, еңбек ақысын алу үшін еріктілер өз жұмыстарына есеп береді. Яғни, атқарған жұмыстарын фото мен бейнежазбаға түсіру арқылы дәлелдеп, қаржы орталығына тапсырады екен. Қаржылай сыйлық дәл осы есепті өткізген волонтерларға беріледі.
Сондай-ақ, орталық басшысының орынбасары Birgemiz жобасының негізгі бағыттарымен таныстырып, Шымкент қаласында іске асырылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Волонтерлар жылына арналған 7 басымдығы бар жоба аясында ауқымды 100 іс-шара өткізбек. Мұнан өзге, ең белсенді 40 жасқа еріктілер формасын алдыру көзделген. Еріктілер қала сыртында болатын іс-шараларға арнайы көлік те қарастырған.

Айта кетейік, еріктілердің логотипі де шегеленді.