Шымкенттік "Форсаж": үш жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды (видео)

0
1 103

Жүргізушілер 18 және 19 жаста.


Шымкенттік

фото: видеодан скриншот

Шымкентте кортеж қатысушылары қарсы бағытқа шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мегаполис көшелерінің бірінде орын алған «форсаж қойылымын» ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған.
Автожолдағы жастардың қауіпті көңіл көтеруін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатты.
Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша, автожолдағы мақтанудың соңы олар үшін алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды.
Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзудың соңы ауыр зардаптарға әкеледі. Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді Полиция қызметкерлері.