Ақпан айының 7-9 аралығында Мәскеуде халықаралық «Гран-При» сайысы өтеді
Мегаполистегі гимнастшы қыз Мәскеуде өтетін "Гран-при" туриниріне жолдама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақпан айының 7-9 аралығында Мәскеуде халықаралық «Гран-При» сайысы өтеді. Ал бұл турнирде еліміздің намысын екі спортшымыз қорғайды. Олардың бірі жерлесіміз көркем гимнастика шебері Алина Әділханова. Ол 8-ші ақпан күні сынға түседі деп жоспарланауда.
Ел намасын қорғайтын екінші гимнастшы Адиля Тлекенова. Турнирдің ақтық мәресі 9 ақпан күні Мәскеудегі гимнастика сарайында өтеді.