Шымкенттік келіншек "Бастау бизнес" арқылы жеке кәсібін ашты

0
454

Қазақи нақыштағы түрлі кимешек, комзол тігіп сатылымға шығарып отыр.


Шымкенттік келіншек

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіптерін дөңгелетіп жүрген жандар жетерлік, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Соның бірі- Шымкент қаласының тұрғыны Рахат Мамбекова. Ол былтыр 21 күндік «Бастау бизнес» жобасы аясында оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болған.
Кейін Рахат «Тігін ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынып, нәтижесінде 555 650 теңге көлемінде грантқа қол жеткізді. Қазір ол қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып, қазақи нақыштағы түрлі кимешек, комзол тігіп сатылымға шығарып отыр. Қазіргі таңда тауарлары көп сұранысқа ие.
Айта кетейік, өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 2820 адам оқыды. Ал биылдың өзінде осы жоба бойынша 600 адам грантқа ие болды. Сонымен қоса, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.